Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде 1 мамыр «Қазақстан халықтар бірлігі күні» мерекесіне орай, орталығымызда «Ұлттар достығы» атты мерекелік іс-шара қазақтың «Адай» күйімен ашылды. Өтіп жатқан іс-шараға «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» басшысы Скуб Илья Васильевич «Жансая» ӘҚКО қызметкерлерін мерекемен құттықтап келді. Әрі қарай іс-шара бөлімшелердің ұлттар көрінісінің қойылымымен жалғасын тапты. Іс-шара «Қара жорға» биімен аяқталып, мерекелік көңіл күймен тарқасты.