Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушыларына ҚР Ұлттық музейінде «Өнерлінің қолы алтын» атты көрме ұйымдастырылды. Ерекше балалардың таланттарын ашу және өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 5 және 7 сәуір аралығында өткізілетін көрмеге «Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің басшысы Скуб Илья Васильевич пен Орталық директоры Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы қатысып, балаларды құттықтады және қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар ҚР Ұлттық музейінің экскурсиялық жұмыстар, музей педагогикасы және экспозициялық залдарды сақтау қызметінің жетекшісі Беисова Жанар Сағымбайқызы балаларды құттықтап, алдағы уақытта қызмет алушыларымызға шығармашылық табыстар тіледі. Көрменің ашылу салтанатымен қатысушыларды Орталығымыздың өнерпаздары Түсіпов Әлихан мен Әлімтай Бірлік құттықтап келді және ата-аналар тарапынан жылы лебіздер білдірілді. Көрмені өткізуге ат салысқан барлық қызметкерлерге алғыс білдіреміз!