Ағымдағы жылдың 15.10. – 16.10.2024 аралығында Орталығымыздың ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық музейінде “Өнерлінің қолы алтын” атты қызмет алушыларымыздың көрмесі өтті. Ерекше балаларды қолдап, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ММ-нің басшысы Илья Васильевич Скуб келіп, балалардың жұмыстарын көріп, оларға және ата-аналарына деген жылы лебіздерін білдірді. Көрмеге Орталығымыздаң барлық бөлімшелерінен балалар мен ата-аналары да қолдап келіп, суретшілердің жұмыстарын бағалап кетті, сонымен қатар мұражай келушілері де біздің балалардың жұмыстарын көріп, таңданыстарын жасырмады. Соңынан Ұлттық музейдің қызметкерлері қызмет алушыларымызға музейдің ішін аралатып, эскурсия жасады.