С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде қызмет алушылардың қатысуымен концерт өтті

Жарияланған күні:
2025-15-04 сағат 18:43

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде «Жансая» Орталығы қызмет алушыларының қатысуымен «2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде» мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада Орталығымыздың жұлдыздары Жақсыбеков Алишер, Шекимов Асылбек, Болатов Дамир, Өтегенова Толғанай, Нұрлан Нұрсила, Оралбек Айқын, Қазбекова Алтынай, Мағауия Нұрхаят және мың бұралған «Жансая» бишілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Мерекеге келген Аграрлық Университетінің ұстаздары мен студенттері дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Жарияланған күні: 2025-15-04 сағат 18:43
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/4815-2/