Достар күніне орай мерекелік концерт

Жарияланған күні:
2026-13-10 сағат 17:28

Достар күніне орай «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет алушы балаларға арнап Жастар сарайында ерекше мерекелік концерт ұйымдастырылды.Балаларды көңілді аниматорлар жылы жүзбен қарсы алып, мерекенің алғашқы сәтінен-ақ көңілдерін көтерді.
Мерекелік іс шараның ашылуында, орталық директоры және арнайы шақырылған қонақтар құтықтау сөзін сөйлеп, балаларды Достар күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Кештің құрметті қонағы, жұлдызды әнші Саят Медеуов әсем әндерімен көрермендердің көңілінен шығып, мерекелік кештің шырайын аша түсті. Цирк қойылымы мерекенің ең қызықты сәттерінің біріне айналды! Клоундардың көңілді өнері балаларды күлкіге бөледі, сиқыршының таңғажайып трюктері көрермендерді таңғалдырды. Ал жануарлардың қатысуымен өткен қызықты қойылымдар балалардың ерекше қызығушылығын оятып, ұмытылмас әсер қалдырды.

 

Жарияланған күні: 2026-13-10 сағат 17:28
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-dostar-k-nine-oraj-merekelik-koncert/