Бүгін «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Рысты Жағыпарқызы Баймагамбетова қызметін босатты.
⠀
Рысты Жағыпарқызының Астанадағы еңбек жолы Орталығымызды ашудан басталды. 2016 жылы 1-сәуірде елордамыздың үш ауданына тиесілі үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтерінің басын біріктіріп реформалаудан бастау алған Орталықтың бүгіндегі гүлденген жағдайы білікті басшының арқасы.
⠀
Атап айтар болсақ;
✅ 560 балаға үйде әлеуметтік қызмет көрсетіп отырған жеті бөлімшеге қоса тағы бір бөлімшенің ашылу перспективасы;
✅ күнделікті 50-70 балаға үздіксіз көрсетіліп отырған оңалту шарасы;
✅ аптасына 2-3 реттен жұмыс жасап отырған үйірмелер;
✅ үйдегі қызмет алушыларды әлеуметтендіру мақсатында ұйымдастырылып отыратын мәдени іс-шаралар, қайырымдылық акциялар, конкурстар мен концерттер және т.б.
✅ бір-бірін әрдайым қолдап, түсініп, кез-келген жұмысты бір адамша атқаратын ауызбіршілігі мықты ұжым;
✅ Республика деңгейінде алғаш жоба ретінде ашылып, жұмысын сәтті жалғастырып келе жатқан әлеуметтік ұйым,
✅ және осының барлығын іске асырып отырған Орталық орналасқан қаланың инфрақұрылымы дамыған әкімшілік ауданындағы үшқабатты ғимарат
⠀
Осы уақыт аралығында @rysty8715 сізбен бірге жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе, өмірлік сабақ, құны жоқ бағалы тәжірибе. Бізге жол көрсетіп, бас бола білгеніңіз үшін және де берген кеңестеріңіз, артқан сеніміңіз бен көрсеткен қолдауыңыз үшін шын жүректен бірауыздан алғыс білдіреміз!