11.01.2023ж. бастап Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ң директоры болып Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы тағайындалды. «Астана қаласы жұмспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ң басшысы Скуб Илья Васильевич орталық қызметкерлеріне, қызмет алушылар мен олардың ата-аналарына орталығымызға арнайы келіп, жаңа басшыны таныстырып өтті.
Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы 22.09.1992 ж.т.
Білімі:
2009-2013ж. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «5В090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавры
2013-2015 ж. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «6М090500» Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы магистрі
Жұмыс тәжірибесі:
31.10.2013ж. – 31.03.2016 ж. – Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімдігінің аппараты, әлеуметтік қызмет көрсету маманы
01.04.2016ж. 15.05.2016ж. – Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК, әлеуметтік қызметкер
16.05.2016 ж. – 31.07.2017 ж. – Бөлім меңгерушісі
01.082017ж. -10.01.2020ж. – Директордың әлеуметтік қызмет жөніндегі орынбасары
13.01.2020ж.-06.03.2020ж. – «Нұр-Сұлтан қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ң әлеуметтік мекемелердің қызметтік және арнайы қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы
12.03.2020ж.-30.06.2020ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК-ң әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары
01.07.2020 – 31.12.2021 – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК-ң арнайы әлеуметтік қызеттер жөніндегі директордың орынбасары
05.01.2022 – 10.01.2023ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ң арнайы әлеуметтік қызметтер жөніндегі директордың орынбасары
«Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ң басшысы Скуб Илья Васильевич ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларымен бірге өз құттықтауларын білдіріп, «Жансая» орталығында шағын экскурсия жүргізілді.