Мониторинг мақсатында №4 бөлімшенің қызмет алушыларына барды

Жарияланған күні:
2023-14-02 сағат 11:34

Ағымдағы жылдың 06-10 ақпан аралығында «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының АӘҚК жөніндегі директордың орынбасары Диана Қасымқызы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын мониторингілеу мақсатында белгілі себептермен оңалту қызметтерін алмайтын, ипподромға және мәдени іс-шараларға бармайтын №4 бөлімшенің қызмет алушыларына барып шықты. Қызмет алушылардың ата-аналарына орталықта көрсетілетін жаңа қызметтер туралы, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерін ұсыну туралы ақпарат берілді. Ата-аналар тарапынан ешқандай ескертулер және шағымдар болмады, айтылған ұсыныстары міндетті түрде алда ескерілетін болады. №4 бөлімше қызмет алушыларының ата-аналары Орталықтың олар туралы ұмытпай, қамқорлық көрсеткендері үшін риза болды және де өз алғыстарын білдірді.

Жарияланған күні: 2023-14-02 сағат 11:34
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/ru-s-celju-monitoringa-posetili-poluchatelej-uslug-otdelenija-4/