Ағымдағы жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының ІІО офицері Қозыбаев Диас Қамбарұлы “Жансая” ӘҚКО қызметкерлерімен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру” тақырыбында кездесу өткізді. Орталық қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.