Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі директордың орынбасары Диана Қасымқызы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын мониторингілеу мақсатында белгілі себептермен оңалту қызметтерін алмайтын, мәдени іс-шараларға қатыса алмайтын №6 бөлімшенің қызмет алушыларына барып шықты. Қызмет алушылардың ата-аналарына Орталықта көрсетілетін жаңа қызметтер туралы, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі туралы ақпарат берілді. Ата-аналар тарапынан ескертулер мен шағымдар болмады, айтылған ұсыныстар міндетті түрде алда ескерілетін болады.