Бүгін «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының арнайы әлеуметтік қызметтер жөніндегі орынбасары Кәмен Диана Қасымқызы мен # 8 бөлімшенің меңгерушісі Бейсенова Айгуль Сағындыққызы «Жасыл жайлау» арнайы білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу орталығына барып, әрдайым кәсіби құзыреттілік пен тәжірибе алмасып, жас мамандарға практикалық арнайы оқытудан өтуге мүмкіндік бергені үшін қазан айы мерекелері қарсаңында «Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-нің басшысы Скуб Илья Васильевичтың алғыс хатымен марапаттады. Орталықтар арасында мұндай ауқымды, ортақ білім алмасу, оқытулар алдағы уақыттада жалғасын тауып, жүзеге асырылады деген ойдамыз. «Жасыл Жайлау» орталығына жаңа жобалар, жетістіктер мен жоғары көрсеткіштер тілейміз.