20.03.2024 ж Наурыз мейрамы қарсаңында “Аманат” партиясы қолдауымен “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушы балалары “Ailand” отбасылық демалыс орталығының аквариумды мұхитарал көрме залын тамашалады. Аквариумда әдемі, қызықты, тыныш және тыныштандыратын су асты әлемін, және оның тұрғындарымен, дүниежүзілік мұхиттың тереңдігі туралы көптеген қызықты дүниелермен танысты. Думан СО-да орналасқан “Ailand” океанариумына ата-аналар мен балалар таңғажайып саяхат жасағаннан кейін жағымды эмоцияларға ие болды!