Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің ортақ мұрамыз, қазақстандық патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның мәдениеті мен дәстүріне деген терең құрметтің қайнар көзі. Рәміздерімізді қастерлеп, олардың мәнін білуіміз керек. Құрметті қазақстандықтар, Сіздерге және сіздің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, жан тыныштығы мен тыныштық, махаббат пен қуаныш, еңбекте табыс, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін амандық, тұрақтылық пен гүлдену тілейміз! Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын, Жансая әлеуметтік қызмет көрсету орталығының №2 бөлімшесінің қызмет алушылар бүгін сіздерді құттықтайды. #астанамемлекеттікрәміздеркүні #меніңрәміздерімменіңмақтанышым #меніңтуым