Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 21.06.2024 жылы Астана қаласы әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының офицері Сағандықова Гүлназ Слямқызы орталық қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Г.С. Сағандықова елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, профилактикалық жұмыстар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы хабардар етті. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.