«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Достар» күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Балаларды көңілді аниматорлар мен шынайы қуыршақтар әнмен қарсы алып, бірге естелік суретке түсті. Мерекелік іс-шара «Жастар» театрында қызықты «Чипполино» ертегі қойылымымен басталып, ән, бимен жалғасын тапты. Концерттік бағдарлама барысында «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» басшысы Илья Васильевич Скуб және Орталық директоры Аманбай Ердаулет Қарсыбайұлы мерекемен құттықтау тілектерін білдірді. Сонымен қатар алдағы келе жатқан Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтап, қажырлы еңбек еткені үшін бір қатар әлеуметтік қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Концерттік бағдалама соңында эстрада жұлдыздары «Бәйтерек» тобы белгілі әндерін орындап, қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.