«Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының №7 бөлімше меңгерушісі Рыскулова Аида Абдуракмановна Qazaqstan Ұлттық телеарнасының «Апта» бағдарламасына орталықта атқарылып жатқан жұмыс және көкейдегі өзекті мәселелер бойынша сұхбат берді. Ондағы негізгі мәселелер:
• Арнаулы әлеуметтік қызметтерді кімдер ала алады,
• Әлеуметтік қызметкер кім? және атқаратын қызметі мен статусы.
Сонымен қатар № 7 бөлімшенің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері Кульсейтова Асемгүл Есенбековна күнделікті атқарып жатқан жұмысын көрсетіп, сұхбат берді.