Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Астана қаласы әкімінің орынбасары Мейірханов Ерік Серікұлы «Жансая» ӘҚКО-на келіп, жұмыс барысымен танысты. Орталық тарапынан көрсетіліп жатқан кешенді қызметтерімен таныса отырып, мамандардың қажырлы еңбегі мен әлеуметтік қызметкерлердің қоғам үшін ерекше рөлі мен маңыздылығын атап өтті.