Астана күніне арналған мерекелік концерт

Жарияланған күні:
2025-4-07 сағат 13:48

Астана күні – Қазақстанның бас қаласы астанаға арналған ерекше мереке. Бұл күн қаланың құрылған күнін ғана емес, сонымен бірге елдің тәуелсіздігін, дамуы мен өркендеуін бейнелейді.
Осы атаулы күні қарсаңында біздің Орталықта мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараның құрметті қонағы «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысы Илья Васильевич Скуб қатысып, қызметкерлерге алғыс хаттар табыстап, олардың адалдығы мен қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар орталық директоры Аманбай Ердәулет Қарсыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның ортақ іске қосқан үлесін атап өтіп, кәсіби табыс пен сарқылмас күш-қуат тілеп, қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.
Мерекелік жарқын концерт барлығына қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жарияланған күні: 2025-4-07 сағат 13:48
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-astana-k-nine-arnal-an-merekelik-koncert/