Орталықта қазақтың дәстүрлі “Тұсау кесер” рәсімі өтті

Жарияланған күні:
2025-31-10 сағат 17:40

31 қазан күні біздің Орталықта қуанышты әрі әсерлі күн өтті. Күляш
Байсейітова атындағы Ұлттық өнер университетінің студенттері балаларға арналған қайырымдылық концертін тарту етті. Өнер көрсетілімдері жоғары кәсіби деңгейде өтті. Балалар мен ата-аналар қазақ эстрадасының танымал әуендеріне қосылып ән айтып, би билеп, көңілдері көтерілді.

Сондай-ақ бүгін Орталығымызда қазақтың салт-дәстүріне сай маңызды рәсім өтті. Балалар өздерінің алғашқы қадамдарын жасаған құрметіне «тұсаукесер» рәсімі өткізілді. Бұл сәт олардың жаңа жетістіктер мен нық қадамдарға жол ашатын символдық оқиға болды.

Жарияланған күні: 2025-31-10 сағат 17:40
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ortaly-ta-aza-ty-d-st-rli-t-sau-keser-r-simi-tti-2/