Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушыларына шығармашылық қабілеттерін танытуға және өз жұмыстарын көпшілікке ұсынуға мүмкіндік беру мақсатында 27 қараша күні ҚР Ұлттық музейінде «Қалдықсыз әлем» атты көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылу салтанаты өтіп, қатысушыларды арнайы құттықтап, балаларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Орталық тарапынан көрмеге Муратова Дильда Алмасовна, Мағауия Нұрхаят Әділетқызы, Туякбаева Ясмина Руслановна, Арнурқызы Асия, Мықтыбек Айсұлу Ермекқызы қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық музейінің педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің әдіскерлері — Арыстамбекова Бибігүл Төлегенқызы, Лауланбекова Әлия Авьисақызы, Кульмагамбетова Меруерт Маратқызына және көрменің ұйымдастырылуына атсалысқан барлық қызметкерлерге шынайы алғыс білдіреміз!



Кері байланыс

