Қызмет алушылар “Мейірім” балалар шығармашылығының VIII инклюзивті фестиваліне қатысты

Жарияланған күні:
2026-22-04 сағат 17:53

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен «Инклюзивті би: тең мүмкіндіктер алаңы» тақырыбында «Мейірім» балалар шығармашылығының VIII инклюзивті музейлік фестивалі өткізілді.

Аталған іс-шараға орталығымыздың би үйірмесіне қатысушы қызмет алушылар қатысып, қазақ биін орындау арқылы өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, алғыс хаттармен және кубокпен марапатталды.

Осындай маңызды әрі мазмұнды іс-шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұжымына және ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Жарияланған күні: 2026-22-04 сағат 17:53
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-yzmet-alushylar-mejirim-balalar-shy-armashyly-yny-viii-inkljuzivti-festivaline-atysty/