«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары үшін көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қызықты демалыс ұйымдастырылды.
Қызмет алушылар «Аватария» ойын-сауық алаңына барып, түрлі қызықты ойындарға қатысып, көңілді уақыт өткізді. Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынас жасап, белсенділік танытып, жағымды эмоцияларға бөленді. Мұндай іс-шаралар қызмет алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, қарым-қатынас жасауына және жағымды эмоциялар алуына мүмкіндік береді.
Балаларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!




Кері байланыс

