Қызмет алушылар “Алақай” қуыршақ театрына барды

Жарияланған күні:
2026-12-10 сағат 12:27

10 қазанда «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары Ақтөбе күндері аясында ұйымдастырылған креативті индустрия фестиваліне қатысты.
Іс-шара аясында қызмет алушылар «Алақай» қуыршақ театрының «Жыл мезгілдеріне саяхат» атты қойылымын тамашалады.
Театрландырылған қойылым балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың қиялын дамытып, өнер әлеміне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Қызмет алушылар қойылымнан ерекше әсер алып, қуанышты сәттерге бөленіп, рухани демалып қайтты.
Осындай мәдени іс-шаралар қызмет алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жағымды эмоциялар алуына мүмкіндік береді.
Мәдени шараны ұйымдастырушыларға және «Алақай» қуыршақ театрының ұжымына балалар мен қызмет алушыларға қуаныш сыйлағаны үшін алғыс білдіреміз!

Жарияланған күні: 2026-12-10 сағат 12:27
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-yzmet-alushylar-ala-aj-uyrsha-teatryna-bardy/