Орталық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыс жүргізілді

Жарияланған күні:
2026-27-10 сағат 18:31

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 27.10.2026 жылы Астана қаласы әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Балғабеков Бауыржан Нұрлыбекұлы орталық қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері және қызметтік әдеп пен мінез-құлық нормаларын сақтау мәселелері қарастырылды.

Жарияланған күні: 2026-27-10 сағат 18:31
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ortaly-yzmetkerlerine-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-bojynsha-t-sindiru-zh-mys-zh-rgizildi-2/