Жыл сайын Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізеді. Ағымдағы жылдың 02-маусым күні Орталығымыздың ұйымдастырылуымен қызмет алушыларға арналған «Балалар күніне» мерекелік іс-шарасы Амфитеатр ашық алаңында өтті. Бұл дәстүрлі шара Орталығымыздың директоры Е.Қ. Аманбай және Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Таласова Айгуль Тлешовнаның құттықтау сөзімен ашылды. «Алладин» театрландырылған қойылымы кішкентай көрермендерді ертегілер әлеміне елітті, шарлар шоуы, сиқыршының қойылымы, вокалдық қойылымдар мен билерді қамтитын мерекелік бағдарлама өтті!
Басты кейіпкерлердің қойылымы мен бойлы қуыршақтар, аниматорлар, сәндік субұрқақтар және жағалаудың керемет көрінісі мерекелік атмосфераның көркін аша түсті!
Орталық қызметкерлері барлық балалар мен ересектерді осындай тамаша мерекемен құттықтайды! Балаларды қорғау күні құтты болсын! Алаңсыз, көңілді, қуанышты. Әр бала ата-анасының қамқорлығын сезініп бақытты сәттері көп болсын. Аспанымыз әрқашан ашық, заманымыз бейбіт болсын, әр жаңа күн мейірімге және қызыққа толы болсын!
Кері байланыс

