“Астана-менің мақтанышым” атты киіз басу шеберлік сабағы

Жарияланған күні:
2026-3-07 сағат 15:44

3 шілде күні ҚР Ұлттық музейінде «Қолөнер ғаламшары» үйірмесі мен «Музейдегі демалыс» жобасы аясында «Астана – мақтанышым» атты киіз басу шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дәріптеу, киіз басу өнерінің қыр-сырын таныстыру және жас ұрпақтың туған елге, елордаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар киіз басу технологиясының негізгі кезеңдерімен танысып, жүнді өңдеу, өрнек құрастыру және шағын сәндік бұйымдар жасаудың әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді. Әрбір қатысушы өз қолымен ерекше туынды жасап, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыра түсті.
Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы ұлттық мәдениетімізді насихаттап, дәстүрлі қолөнерімізді келер ұрпаққа жеткізуге үлес қосамыз.
🇰🇿 Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз! Еліміз өркендеп, елордамыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

Жарияланған күні: 2026-3-07 сағат 15:44
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-astana-meni-ma-tanyshym-atty-kiiz-basu-sheberlik-saba-y/