Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара

Жарияланған күні:
2026-2-06 сағат 16:44

Балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен қызмет алушыларға арналған мерекелік іс-шара Амфитеатр ашық алаңында өтті.
Мерекелік бағдарлама балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсерге бөледі. Іс-шара барысында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, шарлар шоуы, сиқыршының қызықты өнері, вокалдық және би нөмірлері ұсынылды. Ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар балалармен бірге ойындар өткізіп, мерекенің ерекше сәнін келтірді.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің басты көрінісіне айналды. Әсем безендірілген алаң, сәндік субұрқақтар мен жағалаудың көркем келбеті мерекелік атмосфераны одан әрі толықтырды.
Балалар – қоғамымыздың ең қымбат байлығы және жарқын болашағы. Әр баланың балалық шағы қуанышқа, мейірімге және қамқорлыққа толы болсын!
🎈Балаларды қорғау күні құтты болсын!

Жарияланған күні: 2026-2-06 сағат 16:44
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-balalardy-or-au-k-nine-arnal-an-merekelik-is-shara/