Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қызмет алушыларға сыйлықтар табысталады.
Мерекеге орай Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Васильевич Скуб балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Қызмет алушыларға ізгі тілектерін айтып, олардың жарқын болашағына сенім білдірді.





Кері байланыс

