Бурабайға саяхат

Жарияланған күні:
2026-23-07 сағат 16:06

Қызмет алушыларымыз үшін Қазақстанның ең көрікті өңірлерінің бірі – Бурабайға танымдық әрі әсерлі саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында қызмет алушылар табиғаттың әсем көріністерін тамашалап, таза ауамен тыныстады, көлдер мен асқақ таулардың сұлулығына сүйсініп, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Осындай іс-шаралар жаңа әсер сыйлап, жағымды эмоциялар алуға және әлеуметтік қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Барлық қызмет алушыларға белсенділіктері мен көтеріңкі көңіл күйлері үшін алғыс айтамыз! Әрдайым жарқын әсерлерге, қызықты сапарларға және көтеріңкі көңіл күйге толы күндер тілейміз!

Жарияланған күні: 2026-23-07 сағат 16:06
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-burabaj-a-sajahat/