Ағымдағы жылдың 31 мамырда балаларды қорғау күні қарсаңында «Футбол үйі» стадионында «Астана» футбол клубы және «Сауап тобы» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына арналған мерекелік әрі елордалық футбол құрамының ойыншыларымен кездесу іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шараның құрметті қонағы «Астана» футбол клубының құрамындағы ойыншалары Айтуар Токен, Абзал Сагын, Руслан Валихан, Нурсат Нурмухамбет, Арсен Ахметов балалармен кездесіп, әңгімелесіп, алаңда бірге доп теуіп керемет және өте әсерлі эмоция сыйлады. Сондай ақ балалар үшін аниматорлар көтеріңкі көңіл- күй сыйлап, шоу-бағдарлама және қолтаңба сессиясы өтті. Мереке қарсаңында осындай ұйымдастырылған мәдени игі іс-шараға ризашылық білдіре отырып, алдағы уақытта жалғасын табуына тілек білдіреміз!







Кері байланыс

