Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Наурыздың басты көктемгі мерекесі атап өтілді. Дәстүр бойынша балалар мен ата-аналарды көңілді мультфильм кейіпкерлері, сондай-ақ ұлттық киімдегі кейіпкерлер қарсы алды. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Таласова Айгүл Тілешқызы құттықтау сөз сөйлеп, бұл жақсылық пен жаңару, бейбітшілік, бірлік пен амандық мерекесі екенін атап өтті. Сондай-ақ, орталық директоры Аманбай Ердәулет Қарсыбайұлы құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік іс-шара ертегі спектаклінен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты, ал іс-шара соңында балалар мен ата-аналарға арналған фуршет ұйымдастырылды. Наурыздың жылы және көктемгі мерекесін тойлау көңілді өтті, бұл күн баршаға ұмытылмас әсер қалдырды.






Кері байланыс

