Орталықта қазақтың дәстүрлі “Тұсау кесер” рәсімі өтті

Жарияланған күні:
2026-7-08 сағат 18:40

«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазақ халқының ұлттық салттарының бірі – «Тұсау кесу» рәсімі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Ұлттық дәстүрге арналған бұл мереке №4 бөлімшенің қызмет алушысы Байгенжинова Гульнур Ақылбекқызына арналды. Балапанның тұсауын Астана қаласы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалының директоры Рахимова Жанар Амантаевна кесіп, ақ батасын берді. Бүлдіршінге ақ жол, зор денсаулық, баянды бақыт пен жарқын болашақ тілеп, ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтап, кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.Мерекелік кездесу мейірім мен шаттыққа толы атмосферада өтіп, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жарияланған күні: 2026-7-08 сағат 18:40
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ortaly-ta-aza-ty-d-st-rli-t-sau-keser-r-simi-tti-4/