Әлеуметтік қызметкерлер кәсіби біліктілігін арттыру оқу курсынан өтті

Жарияланған күні:
2026-10-06 сағат 10:20

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 3 күндік оқу курсы ұйымдастырылды.
Курс барысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары, мүгедектігі бар адамдар мен балалардың құқықтарын қорғау, цифрлық сервистер мен жасанды интеллектті әлеуметтік жұмыста пайдалану мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, Монтессори әдісі мен сенсорлық интеграция арқылы баланың дамуын қолдау, эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу жолдары және күрделі жағдайларда тиімді жұмыс жүргізудің практикалық құралдары меңгерілді.
Оқу бағдарламасы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды ұштастырып, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
Курс барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, күнделікті жұмыста кездесетін мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін талқылады. Алынған білім мен дағдылар қызмет алушыларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Жарияланған күні: 2026-10-06 сағат 10:20
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ortaly-yzmetkerleri-biliktilikti-arttyru-kurstarynan-tti/