Паралимпиада орталығы мен “Жеңіске жет” қоғамдық қорының басшысы орталық қызметкерлерге дәріс өткізді

Жарияланған күні:
2025-26-06 сағат 17:31

2025 жылғы 26 маусымда Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Бейімделген дене шынықтыру» тақырыбында дәріс өтті.
Қазақстан Республикасындағы паралимпиадалық спортты дамытуға және қолдауға елеулі үлес қосып жүрген қоғам қайраткері, Паралимпиадалық орталық пен «Жеңіске жет» қоғамдық қорының басшысы Кияков Марғұлан Талғатұлы аталған іс-шараның спикері болды.
Дәріс барысында инклюзивті спорттың маңызды аспектілері, бейімделген дене шынықтыру әдістемелері және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалтудағы дене белсенділігінің рөлі туралы ақпарат берілді.
Іс-шараға қатысушылар пайдалы білім алып қана қоймай, мотивация мен шабыт алды.Тәжірибесімен бөлісіп, мазмұнды әрі танымды материал ұсынғаны, сондай-ақ инклюзивті қоғамның дамуына қосып жүрген елеулі үлесі үшін Қияков Марғұлан Талғатұлына алғысымызды білдіреміз.

Жарияланған күні: 2025-26-06 сағат 17:31
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-paralimpiada-ortaly-y-men-zhe-iske-zhet-o-amdy-oryny-basshysy-ortaly-yzmetkerlerge-d-ris-tkizdi/