Республика күніне орай «Аманат» партиясының Нұра аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасында спартакиада ұйымдастырды.

Жарияланған күні:
2025-24-10 сағат 10:28

2025 жылғы 24 қазан күні Республика күніне орай «Аманат» партиясының Нұра аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасында спартакиада ұйымдастырды. Спартакиада бағдарламасына шахмат, волейбол және мини-футбол ойындары енді.

«Жансая» орталығының қызметкерлері аталған жарыстарға белсене қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылықтарын және командалық бірліктерін көрсетті. Нәтижесінде, орталықтың командасы футзалдан III орынды иеленіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Алда да осындай белсенділік пен спорттық рух жалғасын таба берсін!

Жарияланған күні: 2025-24-10 сағат 10:28
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-respublika-k-nine-oraj-amanat-partijasyny-n-ra-audandy-filialy-bastauysh-partija-jymdary-arasynda-spartakiada-jymdastyrdy/