«Аватария» ойын-сауық орталығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының атынан қызмет алушыларымызды қонаққа шақырғаны үшін «Аватария» ойын-сауық орталығына зор алғысымызды білдіреміз!
Балаларымыз үшін бұл күн нағыз мерекеге айналды! Олар көңілді уақыт өткізіп, ойнап, тамаша көңіл-күй сыйлайтын әсерлерге бөленіп, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Осындай сәттер балаларға қуаныш, күлкі және нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Сіздерге мейірімділіктеріңіз, ықыластарыңыз, қамқорлықтарыңыз және кең жүректеріңіз үшін шын жүректен рақмет айтамыз! Балаларымызға осындай керемет мүмкіндіктер сыйлап, қуанышты сәттер ұйымдастырып жатқандарыңыз біз үшін өте қымбат.
Ойын-сауық орталығыңызға өркендеу, ризашылығын білдіретін қонақтар, толағай табыс және жаңа игі істер тілейміз!
Жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын! Әр күндеріңіз қуанышқа, жылулыққа және бақытты күлкіге толы болсын!
Балаларымызға қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлағандарыңыз үшін үлкен рақмет!
Кері байланыс

