Қызмет алушылар Жалтыркөлдегі “Озеро” демалыс аймағына барды

Жарияланған күні:
2026-15-06 сағат 17:26

15.06.2026 ж. қызмет алушылар Жалтыркөлдегі “Озеро” демалыс аймағына қонақ болып барып қайтты. Демалыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балаларға ерекше қуаныш пен жарқын әсер сыйлады.

Балалар өзенде де, бассейнде де шомылып, күнге қыздырынып, таза ауада серуендеп, достарымен көңілді уақыт өткізді. Әрқайсысы көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас естеліктерге бөленді.

Осындай тамаша шараны ұйымдастырып, балаларға шаттық пен қуаныш сыйлағаны үшін басшылыққа шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет!

Жарияланған күні: 2026-15-06 сағат 17:26
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-yzmet-alushylar-zhaltyrk-ldegi-ozero-demalys-ajma-yna-bardy/