Жаңа оқу жылының басталуына арналған ерекше мерекелік концерт өтті

Жарияланған күні:
2026-28-08 сағат 17:54

Бүгін Астана қаласының Арбатында жаңа оқу жылының басталуына арналған ерекше мерекелік концерт өтті.
Бұл күн — жаңа бастамалардың, арман-мақсаттардың және үлкен үміттердің бастауы. 📚
«Жансая» орталығының балалары мерекелік концертке қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен жүрек жылуын сыйлады.
Жаңа оқу жылы әр баланың жүрегіне қуаныш, сенім және шабыт сыйласын!
Әр күн жаңа білімге, қызықты жаңалықтарға және кішкентай да болса үлкен жетістіктерге толы болсын.
Барлық оқушыларға — сәттілік, мықты денсаулық, адал достар, мейірімді ұстаздар және орындалатын армандар тілейміз!
Ең бастысы — әр баланың жүзі әрдайым күлкіге толы болып, жүрегінде өзіне деген сенім мен үлкен арман болсын!

Жарияланған күні: 2026-28-08 сағат 17:54
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-zha-a-o-u-zhylyny-bastaluyna-arnal-an-erekshe-merekelik-koncert-tti/