Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына Қытай Халық Республикасының мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көмекші құралдар мен технологиялар орталығының делегациясы жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында қонақтар Орталықтың қызметімен, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесімен және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдауға арналған жағдайлармен танысты.
Кездесу аясында заманауи көмекші құралдар мен технологияларды қолдану, қолжетімді ортаны дамыту, сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу көрсету тәсілдерін жетілдіру салаларындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.




Кері байланыс

