“Жетісу” саябағындағы концерттік бағдарлама өтті

Жарияланған күні:
2026-3-07 сағат 15:36

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Астана күніне орай Жетісу саябағында «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Іс-шара барысында орталықтың қызмет алушылары ән орындап, домбырада күй тартып, шулы аспаптар оркестрінің әсерлі шығармаларын ұсынып, өз өнерлерін көпшілік назарына паш етті. Концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Концерт соңында Жетісу саябағы әкімшілігінің қолдауымен орталықтың қызмет алушылары саябақтағы аттракциондарға мініп, мерекелік күнді ерекше әсермен қорытындылады. Бұл игі бастама қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Астана күні мерекесінің мәнін арттыра түсті.

Жарияланған күні: 2026-3-07 сағат 15:36
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-zhetisu-sajaba-ynda-y-koncerttik-ba-darlama-tti/