Ағымдағы жылдың 12 наурызында «Жансая» Орталығы қызмет алушыларының қатысуымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» және «Наурыз» мерекесіне орай Назарбаев Университетінде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада Орталығымыздың жұлдыздары Жақсыбеков Алишер, Шекимов Асылбек, Болатов Дамир, Өтегенова Толғанай, Нұрлан Нұрсила, Оралбек Айқын, Қазбекова Алтынай, Тусупов Алихан және мың бұралған «Жансая» бишілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Мерекеге келген Назарбаев Университетінің ұстаздары мен студенттері дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Іс шара соңында қатысушы балаларға алғыс хаттар табысталды.
Кері байланыс

