Ағымдағы жылдың 18-19 қарашасында «Басшының әлеуметтік және басқарушылық қызметтегі кәсіби дағдылары» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өтті. Семинар әлеуметтік сала басшыларының қазіргі заманға сай басқару құзыреттерін дамытуға бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар тиімді көшбасшылықтың негізгі аспектілеріне, стратегиялық жоспарлауға, ұжыммен тиімді коммуникацияға, өзгерістерді басқаруға, қызметкерлерді ынталандыру және басқарушылық шешімдер қабылдау үдерістеріне, сондай-ақ эмоционалды интеллект дағдыларын жетілдіру мен командалық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Семинар қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.



Кері байланыс

