Бүгін біздің қызмет алушыларымыз үшін кәсіби гидтің сүйемелдеуімен екі қабатты Red Bus экскурсиялық автобусында Астана қаласы бойынша тамаша экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында қатысушылар елордамыздың басты көрікті жерлерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Олар «Бәйтерек» монументін, Триумфалды арканы, Бас мешітті, Ашық аспан астындағы ғарыш мұражайын, Тәуелсіздік алаңын, Бейбітшілік және келісім сарайын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралады.
Экскурсияны ұйымдастырушыларға және гидке жылы қарсы алғаны, қызықты әрі мазмұнды ақпарат бергені және балаларымызға көрсеткен қамқорлығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай іс-шаралардың арқасында балаларымыз жаңа әсер алып, дүниетанымдарын кеңейтіп, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізіп, елордамыздың тарихы мен әсемдігін тереңірек танып-білуге мүмкіндік алады.
Сыйлаған жарқын эмоциялар, ықылас пен қамқорлық, сондай-ақ осы күнді ерекше, танымдық әрі ұмытылмас еткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Кері байланыс

