Орталықта қазақтың дәстүрлі “Тұсау кесер” рәсімі өтті

Жарияланған күні:
2025-17-10 сағат 18:04

Оңалту кезеңінің 10-шы күнін орталығымызда «Тұсау кесер» дәстүрімен жалғастырдық.
Мерекелік шараға Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Васильевич Скуб және «Дәулеттен» қорының директоры Қуандық Жасұлан Бостандықұлы келіп, Джаз Сириус пен Тарасов Аланның тұсауын кесіп, ақ тілектерін арнап, өз қолдауларын білдірді.
Тұсау кесуге арналған іс-шарамыз «Алтын домбыра» өнер мектебінің оқушылары мен жетекшілерінің ән-күйімен аяқталып, ата-аналар ерекше көңіл күймен алғыстарын білдірді.

 

 

 

Жарияланған күні: 2025-17-10 сағат 18:04
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-ortaly-ta-aza-ty-d-st-rli-t-sau-keser-r-simi-tti/