2025 жылғы 23-24 қыркүйек күндері «Келісім комиссиясы»(Согласительная комиссия) тақырыбында 2 күндік оқыту семинары ұйымдастырылды. Оқу барысында еңбек дауларын шешу, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы келіссөздер жүргізу тәртібі, сондай-ақ, келісім комиссиясының құрамы мен қызмет ету механизмі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Оқыту барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар практикалық кейстермен жұмыс жасап, нақты жағдайлар бойынша келіссөз жүргізу тәжірибесін игерді. Сонымен қатар, еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтар да талқыланды.
Семинардың басты мақсаты — еңбек қатынастары барысында туындайтын дауларды сотқа дейін шешудің тиімді жолдарын үйрету, ұжымдағы әлеуметтік әріптестікті нығайту және еңбек құқығын сақтау мәдениетін қалыптастыру болды.
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.


Кері байланыс

