Қызмет алушылар Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен спектакльге барды

Жарияланған күні:
2025-11-06 сағат 17:26

2025 жылғы 11 маусымда
“Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен қызмет алушы балалар мен олардың ата-аналары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен мәдени шараға қатысты.

Іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған “Қанаттылар” инклюзивті театры ұсынған “Үй таңдаған лақ” атты ертегілік қойылым көрсетілді.

Театр әртістері балаларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Қатысушы ата-аналар ұйымдастырушылар мен театр ұжымына шынайы ризашылықтарын білдірді.
Мәдени іс-шара балалардың әлеуметтік-эмоциялық дамуына оң ықпал етіп, жарқын естеліктер қалдырды.

Жарияланған күні: 2025-11-06 сағат 17:26
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-yzmet-alushylar-l-n-gumilev-atynda-y-eurazija-ltty-universitetinde-tken-spektaklge-bardy/