2025 жылғы 11 маусымда
“Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен қызмет алушы балалар мен олардың ата-аналары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен мәдени шараға қатысты.
Іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған “Қанаттылар” инклюзивті театры ұсынған “Үй таңдаған лақ” атты ертегілік қойылым көрсетілді.
Театр әртістері балаларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Қатысушы ата-аналар ұйымдастырушылар мен театр ұжымына шынайы ризашылықтарын білдірді.
Мәдени іс-шара балалардың әлеуметтік-эмоциялық дамуына оң ықпал етіп, жарқын естеліктер қалдырды.




Кері байланыс

