11.06.2026 ж. қызмет алушылар ата-аналарымен бірге Қоянды кентіндегі «Орман» демалыс аймағына пикникке барып қайтты.
Барлығы бірге қарағайлы орманда серуендеп, таза ауамен тыныстады, табиғаттың әсем көрінісін тамашалап, батуттарда көңілді уақыт өткізді. Бұл күн балалар мен ата-аналарға көптеген жағымды эмоциялар, қуанышты әсерлер және өзара қарым-қатынасқа арналған тамаша сәттер сыйлады.
Отбасылық демалысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік жасағаны үшін демалыс аймағының басшылығына шынайы алғысымызды білдіреміз. Қонақжайлықтарыңызға, қамқорлықтарыңызға және отбасыларымызға көрсеткен ықыластарыңызға рахмет!
Сіздерге өркендеу, амандық және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
Кері байланыс

