Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Орталықтың қызмет алушысы Жақсыбеков Алишер Сапарбекұлының музыкалық дарынды өнері мен шығармашылығына тәнті болып және анасы Мынбаева Жанар Рысалдиевнаға ұлына лайықты тәрбие беріп, шығармашылығына қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ Орталықтың мәдени ұйымдастырушысы Нұқан Шалқарға мәдениет саласының өркендеуіне және дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды
Алишердің таланты мен музыкалық өнерге деген шынайы қызығушылығы мәдени ортаның дамуына ықпал етіп, айналасындағыларды шабыттандырады, шығармашылық өсудің және жаңа белестерге ұмтылудың жарқын үлгісі болып табылады.
Лайықты марапатпен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз!



Кері байланыс

