Дос күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жарияланған күні:
2025-16-10 сағат 18:14

Ағымдағы жылдың 15 қазан күні жыл сайынғы дәстүр аясында, Астана қаласы әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы “Достар күніне” арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Аталған шара достықты дәріптеп, жылулық пен сыйластықты насихаттауды мақсат етті.
Іс-шара барысында қатысушыларды құттықтап, жылы лебіздерін Орталық директоры Аманбай Ердәулет Қарсыбайұлы, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі маманы Таландын Гүлжан Мәрденқызы және Нұра ауданы бойынша Ұзақ өмір сүру орталығының «Сабақтас» күміс волонтерларының үйлестірушісі Үтегенова Ләззат Дүйсенбайқызы білдірді.
Қонақтарды көңілді аниматорлар мен көлемді қуыршақтар қарсы алып, шат-шадыман көңіл күй сыйлады.
Мерекелік бағдарламаның шырайын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Досымжан Танатаров кіргізіп, өз өнерімен жұртшылықты тәнті етті. Сонымен қатар, Жас көрермен театрының «Кішкентай ханшайым» қойылымы және әсем әндер мен әсерлі билер кеш көркін аша түсті, сонымен қатар Орталық қызметкерлерінің орындауындағы, арнайы осы мерекеге арналып жазылған жаңа туынды– «Ертеңім жарық» әні шырқалды.
Бұл іс-шара қызмет алушыларымыздың өміріндегі тағы бір жарқын сәтке айналып, мол жағымды эмоция сыйлады, достық пен бірліктің маңызын тағы бір мәрте еске салды.

 

 

 

 

Жарияланған күні: 2025-16-10 сағат 18:14
Сілтеме https://cso-jansaya.kz/kz-dos-k-nine-oraj-merekelik-koncert-tti/